
– Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Кейінгі жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды», – деді Президент.
Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ¬23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілген еді. Биыл рухани мереке алғаш рет атап өтілді. Атаулы датаның аясында жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері кітапханаға бас сұғып, қай заманда да қадір-қасиеті бөлек кітапқа деген құрметін көрсетті. Бұл күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінің қызметкерлері қиындығы мол жұмыста жүрсе де, өзін-өзі жетілдіру мен бойындағы білімін толықтыру мақсатында бір сәт көркем әдебиеттерді оқуға ден қойды.
Айта кетейік, осы жылы облыста «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы қолға алынғаны белгілі. Аталған жоба жерлестеріміздің қай ортада болсын айтары бар, білімі терең, көңілге түйгені мол білікті де бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына өз септігін тигізері анық.