Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараз қаласындағы автобус бағыттарына уақытша өзгерістер енгізіледі

Тараз қаласындағы автобус бағыттарына уақытша өзгерістер енгізіледі
Тараз қаласының әкімдігі
Тараз қаласында бірқатар автобус маршруттарының бағыты уақытша өзгереді,деп хабарлайды arainfo.kz

Тараз қаласында жылу желілерін жаңғырту жұмыстарына байланысты 2025 жылдың 25 сәуірінен бастап бірнеше қоғамдық көлік маршруттарының жүру бағытына уақытша өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер «Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов көшелерінде М-1 жылу желісін қайта жаңғырту» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жөндеу жұмыстары кезеңінде қолданылады.

Көлік қозғалысы шектелетін аумақтар — Төле би мен Жамбыл даңғылдарының, сондай-ақ Төле би мен Қ. Тұрысов көшелерінің қиылыстары. Осы аумақтағы қозғалысқа байланысты төмендегі маршруттардың бағыты өзгереді:

№9, 12, 16, 19, 23, 28, 30, 32, 40, 46, 55 бағытындағы автобустар бұрынғы «Мешіт» және «Диагностикалық орталық» аялдамаларының орнына Д.Жуанышев, Е.Ниетқалиев және Ұлбике ақын көшелері арқылы қатынайтын болады.

№29 маршрут Е.Ниетқалиев, Қ.Қойгелді көшелері және Төле би даңғылы бағытында жүретін болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан туындайтын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, бағыттардағы өзгерістерге сәйкес алдын ала маршруттарын жоспарлауды сұраймыз.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар