Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Оқырман мәдениетін көтерген фестиваль

Оқырман мәдениетін көтерген фестиваль
Ю.Ким
Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков саябағында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Ұлттық кітап күніне орай Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты кітап фестивалін ұйымдастырды.

Фестиваль барысында Мойынқұм ауданының Құрметті азаматтары Жапар Сатылғанов, Нұркүл Оспанбекова мен Күлжахан Рысқұлова сөз алып, жастарды кітап оқуға шақырды. Ал «Ауыл» партиясының облыс бойынша өңірлік филиалының төрағасы Алтай Райқұлов: Мойынқұм аудандық кітапханасына 60 кітапты сыйға тартты.

Сондай-ақ кеште викториналық ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды. Одан бөлек кітапқа «екінші өмір сыйлау» мақсатында көрермендер «BookCrossing» ережесі негізінде бір-бірімен кітап алмасты. Буккроссингтің ережесі бойынша кез келген адам өзі оқып бітірген бір кітапты қоғамдық көпшілік орындарға (саябақ, кафе, кітапхана және тағы да басқа) қойып кете алады. Кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды. Оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді. Дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар