Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Германиямен қарым-қатынас нығайып келеді

Германиямен қарым-қатынас нығайып келеді
Автор
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маттиас Кислер бастаған делегациямен кездесті.

Басқосуға неміс компанияларының өкілдері қатысты.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері мен келешегін талқылады.

Жамбыл облысының Германиямен тауар айналымы 2024 жылы 52,1 миллион АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 4,7 есеге өсті.

Келіссөздер барысында алдағы бірлескен жұмыстың басты бағыттары белгіленді. Әсіресе, тау-кен өндірісі, логистика және құрылыс саласына басымдық берілді.

Облыс әкімі өңірлік деңгейде жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге серпін беруге дайын екенін растады.

Өз кезегінде Маттиас Кислер жемісті байланыстарды нығайту Жамбыл облысы мен Германия арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Облысқа жұмыс сапары барысында Маттиас Кислер Тараз қаласындағы бірқатар өндіріс орнын аралады.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар