
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 18 сәуірінде «Ұлы дала» ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шыққан. Сол сәтте №54 орта мектептің 10-сынып оқушысы Қыдырәлі Қыздарбек тұрғындармен бірге түтінге тұншыққан екі сәбиді аман-есен алып шығуға үлес қосқан.
Кездесу барысында мектеп оқушысы болған оқиғаны баяндап берді.
Ербол Қарашөкеев жасөспірімнің көзсіз ерлігіне алғыс білдіріп, естелікке сыйлық тарту етті.
– Қыдырәлі – бүгінгі күннің батыры, ел мақтанышы! Оның адамгершілік пен табандылыққа негізделген бұл әрекеті – замандастарына ғана емес, тұтас қоғамға үлгі.
Ел үмітін арқалаған ересектердің арасында дәл осындай ерлікке барған оқушылардың болуы – біздің болашағымыздың жарқын, ел іргесінің берік екенінін дәлелдейді.
Қыдырәлідей жүрегі жұмсақ, рухы биік перзент тәрбиелеп өсірген ата-анасы мен ұстаздарына жамбылдықтардың атынан шынайы ризашылығымды білдіремін! – деді облыс әкімі.
Өңір басшысы оқиға кезінде күш біріктіріп, азаматтық танытқан тұрғындар мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне де алғыс айтты.
«AR-AI»-ақпарат