Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовті шығарып салды
- author AR-AY
- 22 сәуір, 2025
- 71

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті Түркістан әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды arainfo.kz
2025 жылғы 21 сәуірде Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов ресми сапармен Қазақстанға келді. Құрметті меймандарды Түркістан халықаралық әуежайынан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі қарсы алды.
Сапар барысында мемлекет басшылары бейресми кездесу өткізіп, Түркістан қаласындағы бірқатар маңызды нысандарды бірге аралады. Бұл кездесу бауырлас елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайта түсуге бағытталған маңызды қадам болды.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, еліміздің рухани астанасы, түркі халықтарына ортақ қасиетті мекен саналатын Түркістан қаласына сапармен келгені үшін ризашылығын жеткізді.
Келесі мақала
Елімізде 11 кен орны аукционға шығарылмақ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында сотталғандар арасында спорттық шара ұйымдастырылды
- авторAR-AY
- 19 маусым, 2025
Жаңалықтар
Жамбыл облысында алтынды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
- авторAR-AY
- 19 маусым, 2025