Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мектептерде 8 мыңға жуық педагог-кәсіби бағдар беруші жұмыс істейді

Мектептерде 8 мыңға жуық педагог-кәсіби бағдар беруші жұмыс істейді
Оқу-ағарту министрлігі
Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Counseling as a Culture» тақырыбындағы IC3 халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда еліміздің білім беру ұйымдарында 1 000-нан астам педагог-кәсіби бағдар беруші жұмыс істейді. Жақында өткен форумға елдің барлық өңірінен 200-ге жуық маман қатысып, кәсіби бағдар беру саласындағы өзекті өзгерістер мен заманауи әдістерді талқылады. Форумға Канада, АҚШ, Қытай, Гонконг және Үндістаннан келген сарапшылар өз елдерінің озық тәжірибелерін ұсынып, оқушыларды ынталандыру жолдарын ортаға салды.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан атап өткендей, мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі маңызды шешім. Осы орайда, мектептерде оқушыларға бағыт-бағдар беретін қолайлы орта қалыптастыру басты мақсат болып отыр. 2024 жылдың наурыз айынан бастап әр мектепке кәсіби бағдар беруші маман үшін жеке штат бірлігі бөлінді. Қазіргі таңда 1 159 маман еңбек етуде, ал жаңа оқу жылында олардың саны 7 920-ға дейін жетуі жоспарлануда.

Форум аясында ұйымдастырылған білім көрмесі оқушылар мен ата-аналарға болашақ мамандықтар жайлы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік берді. Көрмеге Қазақстан және шетелдің (Канада, Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Қытай, Гонконг, БАӘ) жетекші колледждері мен университеттері қатысты. Олар оқу бағдарламалары, қабылдау талаптары және еңбек нарығында сұранысқа ие салалар туралы мағлұмат берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмені 1 000-нан астам адам тамашалады.

Айта кетейік, 2025 жыл — Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланған. Осы форум — кәсіби бағдар беру жүйесін дамытуға, білім мен тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар