Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Руслан Берденовті нақты не үшін атып кеткені айтылды

Руслан Берденовті нақты не үшін атып кеткені айтылды
gov.kz
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов кеше кешкі уақытта атыс қаруынан жарақат алып, қазіргі таңда ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды arainfo.kz сайты baq.kz-ке сілтеме жасап

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов кеше кешкі уақытта атыс қаруынан жарақат алып, қазіргі таңда ауруханада ем қабылдап жатыр. Оқиғаға байланысты Шымкент қаласы полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Соңғы сағаттарда әлеуметтік желілерде шабуылға қатысты түрлі жалған ақпараттар тарап жатыр. Атап айтқанда, кейбір жазбаларда әкім орынбасарының күдіктінің жұбайына тиісуі себеп болғаны айтылуда. Алайда бұл дерек ресми түрде жоққа шығарылды.

"Қазір әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та әкім орынбасарына жасалған шабуылдың себебі ретінде оның күдіктінің жұбайына тиіскені туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қылмыс жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде," – деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаменті.

Бұған дейін хабарланғандай, Руслан Берденов — бұрынғы депутат, қазіргі әкімнің орынбасары, атыс оқиғасы орын алған күні кешкі уақытта жараланып, дереу ауруханаға жеткізілген.

Тергеу амалдары жалғасуда. Қоғам тарапынан қызу назарға іліккен бұл оқиғаға қатысты ресми деректерден басқа ақпараттарға сенбеуге шақырамыз.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар