Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ақсақалдардан аларымыз аз емес

Ақсақалдардан аларымыз аз емес
Автор
Жуырда М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» республикалық тақырыптық күні өтті. «Қоғамдық келісім» мекемесі мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен жиынға жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, азаматтық қоғам институттары, ғалымдар, сарапшылар, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда бейбітшілік, бірлік және келісім құндылықтары туралы түсінікті қалыптастыру, сондай-ақ ақсақалдардың даналығы мен өмірлік тәжірибесі арқылы қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім мен бірлікті нығайту.

Жиынды бастаған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Ақылшаұлы жас ұрпаққа тәрбие беруде отбасының рөлі ерекше екенін атап өтіп, отбасылық құндылықтарды нығайтуға байланысты ойын ортаға салды.

Ал «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев адалдықтың қоғамдағы рөлі мен маңызына тоқталып, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру мемлекетіміздің тұрақты дамуына әсер ететін маңызды фактор екендігін жеткізді

Сондай-ақ, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры Сейдахан Бақторазов «Неліктен Қазақстан халқы бейбітшілік пен бірлікте өмір сүруде?» тақырыбында баяндама жасады. Одан бөлек облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Сара Даузова, Ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі, профессор Рысты Керімбаева сөз сөйлеп, қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларымен бөлісті.

Жиын барысында этносаралық қарым-қатынастың қоғам үшін маңыздылығы, жастардың ел болашағындағы рөлі, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау жолдары кеңінен талқыланды.

Қатысушылар пікір алмасып, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар