
Осы орайда Илон Масктың жасанды интеллект туралы көзқарастары мен пікірлері əлемдегі көптеген адам үшін үлкен қызығушылық туғызады. Ол тек Tesla жəне SpaceX сияқты компаниялардың жетекшісі ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллекттің дамуына қатысты ойларымен де танымал. Илон Маск жасанды интеллекттің болашағына пессимистік көзқараста екенін бірнеше рет білдірген. Ол ЖИ адамзатқа үлкен қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертіп, оған мұқият болу керектігін айтады. Оның пікірінше, ЖИ дамуы шектен шықса, адамзаттың қауіпсіздігіне үлкен қатер туындауы ықтимал. Ол ЖИ-ді «жынның бөтелкеден шығуы» деп сипаттайды. Бұл жерде Масктың ойы ЖИ-ді дұрыс басқармасақ, ол бақылаудан шығып, адамзатқа қарсы əрекет етуі ғажап емес дегенге саяды.
Жасанды интеллект дамуының қауіптілігін түсіне отырып, Илон Маск OpenAI ұйымын құрды. Бұл ұйымның мақсаты – жасанды интеллектті қоғамға пайдалы жəне қауіпсіз түрде дамыту. Осы арқылы Илон Маск ЖИ-дің қауіптілігі азайып, оны адамзатқа пайдалы етуге болады деп есептейді.
Илон Маск болашақта ЖИ адамзатқа қауіпсіз болуы үшін бірнеше аспектілерге назар аудару керектігін айтады. Біріншіден, жасанды интеллектіні дамыту барысында оның мүмкін болатын теріс жақтарын зерттеу жəне оларды бақылауға алу қажет. Келесісі – реттеу жəне бақылау. Бұл тұрғыда ол ЖИ саласындағы заңдар мен ережелерді қатаңдатуды ұсынады. Сонымен қатар арнайы халықаралық заңдар мен келісімдер қабылдау керек деп санайды. Себебі ЖИ дамуының бақылаусыз қалуы адамзатқа зиян келтіруі мүмкін. Илон Масктың пікірінше, болашақта адам мен ЖИ бір-бірімен интеграцияланып, бірге дамуы қажет. Сондай-ақ ол жасанды интеллектті дұрыс пайдалану арқылы адамзатқа үлкен пайда əкелуге болатынын да айтады.
Мысалы, ЖИ ғылым, медицина, экология жəне инженерия салаларында үлкен жетістіктерге жеткізе алады. Илон Масктың пайымдауынша, егер ЖИ дұрыс реттеліп, қауіпсіздік шаралары қарастырылса, ол адамзаттың прогресіне зор серпіліс əкелуі мүмкін.
Жалпы Илон Маск-жасанды интеллекттің қауіптілігін түсінетін жəне оны бақылауда ұстау қажеттілігін айтып жүрген ең танымал тұлғалардың бірі. Оның ЖИ-ді бақылау жəне реттеу идеялары мен OpenAI ұйымы арқылы атқарып жатқан жұмыстары адамзат болашағына деген қамқорлығын көрсетеді. Жасанды интеллекттің болашағы əлі де белгісіз, бірақ Илан Масктың ескертулері мен ұсыныстары бізге жауапкершілікпен қарау қажеттігін еске салады.
Жасанды интеллекттің дамуы адамзат өмірін жеңілдетіп, көптеген салаларды жетілдіруге мүмкіндік береді. Дегенмен, ол этикалық мəселелерді де туындатады, мысалы, жұмыс орындарын ауыстыру немесе жеке деректердің қауіпсіздігі. Сондықтан ЖИ-ді дамытқанда, оның пайдасы мен ықтимал қатерлерін теңестіріп қарастыру маңызды. Жасанды интеллект – болашақтың технологиясы. Ол қазіргі уақытта өміріміздің əртүрлі аспектілеріне еніп, адамзаттың көптеген мəселелерін шешуге көмектесіп отыр. Бірақ оның қауіпсіз жəне тиімді дамуын қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз.
Əйгерім ТҰРАРБЕК,
М.Х.Дулати университетінің
журналистика мамандығының
4-курс студенті