Бұл күні Тараздағы өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жеке құрам қызметкерлерінің жазғы киім үлгісіне ауысуына байланысты саптық байқау ұйымдастырылды,деп хабарлайды arainfo.kz
Онда жазғы киім нысанына көшу, саптық дағдыны жетілдіру әрі саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамның нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету назарға алынды.

Сондай-ақ, қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктері мен айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Бұдан бөлек ҚАЖ қызметкерлерінің ұқыптылығы мен жинақылығына әрі киімінің мұнтаздай таза болуына ерекше көңіл бөлінді.
Келесі мақала
Мәселенің мән-жайы белгілі болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді
- авторAR-AY
- 15 қараша, 2025




