Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Темір тордың ар жағындағы әуенді кеш

Темір тордың ар жағындағы әуенді кеш
Автор
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеде ерекше концерт ұйымдастырылды,деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл жолы сотталғандарға рухани серпіліс сыйлаған — өнерімен өңірге танымал «Тараз» триосы.

Кеш шымылдығы Кенен Әзірбаевтың терең мағыналы «Бастау» әнімен ашылып, көрерменге шабыт пен сағыныш сезімін сыйлады. Әрі қарай трио репертуарында қазақ музыкасының інжу-маржандары – Кеңес Дүйсекеев пен Шөмішбай Сариевтің туындылары, Ақан серінің мұрасымен қатар халық әндері мен қырғыз елінің әуезді әндері де орындалды. Әсіресе «Көкшолақ», «Ой, көк», «Балқадиша», «Жақсы адамдар азаймасын» сынды шығармалар тыңдаушылардың жүрегіне жол тауып, ерекше әсер сыйлады.

Мекеме әкімшілігінің айтуынша, мұндай мәдени шаралар сотталғандар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, өмірге деген оң көзқарас қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ал концерт соңында мекеме қызметкерлері мен тыңдармандар триоға алғыстарын білдіріп, алдағы шығармашылық жолдарына сәттілік тіледі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар