Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Республикалық «Tekturmas» журналының тұсаукесер рәсімі өтті

Республикалық «Tekturmas» журналының тұсаукесер рәсімі өтті
Серіжан Темірбек
Бүгін "Tekturmas" республикалық тарихи-танымдық, ғылыми, әдеби-мәдени журналымыздың тұсаукесер рәсімі өтті,деп хабарлайды arainfo.kz

Жамбыл облысының ақпарат айдыны жаңа басылыммен толықты. Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Aulieata-media» серіктестігіне қарасты «Tekturmas» республикалық журналының салтанатты тұсаукесері өтті.

Рәсімге ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, зиялы қауым өкілдері мен өңір оқырмандары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы жаңа басылымның ұлт руханияты үшін маңызын атап өтті.

– Бұл журнал – бабалар аманатына адалдықтың символы. Ол ұлт тарихын, әдебиеті мен мәдениетін насихаттап, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін рухани мінберге айналары сөзсіз. Сонымен қатар журнал – дарынды қаламгерлер мен зерттеушілерге ашық алаң, – деді әкім орынбасары.

Ал «Aulieata-media» серіктестігінің Бас директоры Данияр Асқарұлы басылымның атауы мен бағыты жайлы сөз қозғады.

– «Кемені қалай атасаң, солай жүзеді» дейді. Журналдың «Tekturmas» деп аталуында үлкен мән бар. Талас өзенінің жағасындағы тарихи кешен – өскелең ұрпақ үшін рухани бағдар. Басылым да өткенді саралап, бүгінмен үндесіп, болашаққа жол сілтейді, – деді ол.

Жиында жазушы Пернебай Дүйсенбин мен драматург, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Елен Әлімжан да сөз алып, журналдың мазмұнына қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Тұсаукесердің басты сәтінде Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы, жазушы Пернебай Дүйсенбин және драматург Елен Әлімжан журналдың тұсауын кесті.

«Tekturmas» – Жамбыл өңірінен шыққан жаңа рухани алаң.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар