Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өтті

Оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өтті
Автор
«Апат айтып келмейді» дейді дана халқымыз. Әйтсе де «Сақтансаң, сақтаймын» деген қағиданы да қаперден шығармаған абзал. Осы орайда түрлі апаттардың адын алу мақсатында тиісті іс-шаралар ұйымдастыру да игі дәстүрге айналған. Жуырда Тараз қаласындағы №63563 әскери бөлімінің аумағында орналасқан қоймадағы шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Шартты түрде болған өртке шұғыл әрекет ету мақсатында шақырту орнына Тараз қаласының №1 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері, сондай-ақ №4 және №20 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Жалпы 7 бірлік арнайы өрт сөндіру техникасы мен 32 адамнан құралған жеке құрам жедел жетіп, өртті сөндіру, адамдарды құтқару және қауіпсіз орынға көшіру жұмыстарына кірісті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, өрт ошақтарын оқшаулап, кең көлемде таралуының алдын алды. Атап айтқанда, қашықтан өртті сөндіру және нысандарды қорғау мақсатында 7 лафеттік өрт сөндіру оқпаны қолданылып, жалынға қарсы тиімді іс-қимылдар жүргізілді. Оқу-жаттығу барысында 2 жауынгерлік бөлімше құрылып, құтқарушылар шұғыл әрекет етіп, бір азаматты қауіпсіз жерге аман-есен алып шықты. Сонымен қатар 25 адам ұйымдасқан түрде қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Аталған оқу-жаттығуға басшылық жасау мен үйлестіру жұмыстарын Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мансұр Шайкрамов тікелей бақылауға алып, жетекшілік етті. Бұған қоса жаттығу жұмыстарына кезекші өрт сөндіру қызметі мен медициналық апаттар орталығының білікті мамандары да белсенді түрде атсалысты.

Өрт-тактикалық жаттығуды өткізудің басты мақсаты – әскери бөлімдер мен өртке қарсы қызметтердің өзара іс-қимылдарын жетілдіру, төтенше жағдай кезінде кәсіби шеберлікті шыңдау және жылдам шешім қабылдай алу қабілеттерін арттыру. Сонымен қатар мұндай жаттығулар апатты жағдайлар кезінде орын алуы мүмкін қауіптердің алдын алуға және адам өмірін сақтап қалуға бағытталған маңызды қадам.

Жаттығу аяқталған соң орындалған іс-шаралар жан-жақты сараланып, жеке құрамның іс-әрекеттеріне тиісті бағалар берілді. Қатысушы бөлімшелер мен мамандардың кәсіби даярлығы жоғары деңгейде деп танылып, алдағы уақытта мұндай жаттығуларды жүйелі түрде өткізу қажеттігі атап өтілді.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар