Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

1 940 тұрғынға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

1 940 тұрғынға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
www.istockphoto.com
2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша 1 940 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 1957 адам өтініш білдірген.

Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 128 адам жүгінді, оның 127-сіне арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды.

Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 1 829 адам өтініш білдіріп, оның 1813-іне тағайындалған.

Міндетті шартқа сәйкес келмеуіне байланысты 1 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды, сондай-ақ 16 азаматтың өтініштері қарау сатысында тұр.

Сондай-ақ, 74 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартының жасалуын күтуде, 50 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген.

Өңірлер бөлінісінде арнаулы әлеуметтік төлемге өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (2 көзден – 17 адам, 4 көзден – 217 адам), Шығыс Қазақстан (2 көзден – 16 адам, 4 көзден – 180 адам) және Қостанай (2 көзден – 2 адам, 4 көзден – 180 адам) облыстарында тіркелді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.

Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді.

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады. Олардың 2,3 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемді экономиканың 17 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және өзге де салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтар ала алады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша АӘТ 13 568 азаматқа, оның ішінде 2 көзден – 3 093 алушыға, 4 көзден – 10 475 алушыға тағайындалды. Төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асты.

Қазақстан Республикасы Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар