Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Деректерді өңдеу орталығы ашылды

Деректерді өңдеу орталығы ашылды
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
Өңірлік коммуникациялар қызметінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің басқарма мүшесі, ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейтжан Орынбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Спикердің айтуынша бүгінгі таңда оқу орнындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары 1 ғылыми-зерттеу институтында, 8 ғылыми және ғылыми-зерттеу орталығында, 7 ғылыми-зерттеу зертханасында және университет кафедраларында жүргізілуде. Ғылыми-зерттеу жұмыстары табиғи, техникалық, ауылшаруашылығы, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы бағыттар бойынша жүргізілуде.

– Өткен жылы университетте ғылымды қаржыландырудың жалпы көлемі 4,9 миллиард теңгені құрады. Қаржыландыру 64 ғылыми-зерттеу жобасы бойынша алынған. 2024 жылы университет ғалымдары 7 жобаның гранттық қаржыландыру иегері атанып, жалпы сомасы 473,35 миллион теңге қаржыға ие болды. Сонымен қатар, университет 3,5 миллиард теңге көлемінде мегагрант ұтқан болатын. Бұл жоба суды қауіпсіз қолдану, су және жер ресурстарын тиімді пайдалану, Қазақстанның сушаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсіп жобаларын ғылыми негізде дамыту мақсатында инновациялық технологияларды әзірлеуге бағытталған – деген Сейтжан Әуесжанұлы ғылыми қызмет нәтижелері бойынша 2022 жылы 4 оқытушы, 2024 жылы 7 оқытушы қауымдастырылған профессор (доцент) атағын алғанын атап өтті.

Ал 2025 жылы 4 оқытушы қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болған.

Сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастыратын «Үздік университет оқытушысы» конкурсында соңғы 4 жылда 6 оқытушы жеңімпаз атаныпты. 10 оқытушы «Болашақ 500 ғалым» грантының иегері болған.

Келесі кезекте оқу орнының жетістіктерін баяндаған Сейтжан Орынбаев ақпан айында университетте деректерді өңдеу орталығы ашылғанын жеткізді. Орталық студенттер, магистранттар мен докторанттардың ІТ саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін арттырады.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар