Қоғам
Жазасын өтеушілерге теолог мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді
- author AR-AY
- 10 сәуір, 2025
- 59

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде Шымкент қаласы бойынша "Ақниет" қоғамдық қорының басшысы Дәлелхан Қоңырбайұлы Оспановпен сотталғандар арасында кездесу өткізілді, деп хабарлайды arainfo.kz
Түсіндірме жұмыстары Жамбыл облысы әкімдігінің дін істер басқармасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істер комитеті тарапынан бекітілген 2025 жылдың 7-11 сәуір аралығында "Жамбыл облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу" семинар және әр түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу" жобасын іске асыру барысында ұйымдастырылды. Онда теріс идеологияға қарсы сыни-ойлау дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы талқыланды.