Жаңалықтар
Нұрдос Сембек Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды
- author AR-AY
- 9 сәуір, 2025
- 49

Нұрдос Сембек Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды,деп хабарлайды arainfo.kz
Нұрдос Болатұлы 1993 жылы 4 сәуірде Талас ауданында дүниеге келген. 2011-2015 жылдары - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Радиотехника электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша тәмамдаған.
- Еңбек жолын 2013–2019 жылдары «Қазақстан» РТРК» Жамбыл облыстық филиалы «Jambyl» телеарнасында редактор-диктор, тележүргізуші;
- 2019-2020 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облыстық департаментінің баспасөз-хатшысы;
- 2020-2021 жылдары «Әулие-ата» медиа-холдингі ЖШС-де SMM бөлімінің басшысы;
- 2021 жылы «Taraz Post» ақпарат агенттігінің атқарушы директоры;
- 2021-2023 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі;
- 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Үйленген, бір баланың әкесі.
Келесі мақала