Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараздағы «Сәулет» шағын ауданында 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

Тараздағы «Сәулет» шағын ауданында 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды
Тараз қаласының әкімдігі
Тараз қаласындағы «Сәулет» (16) шағын ауданында 5 қабатты 12 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары толықтай аяқталды,деп хабарлайды arainfo.kz

Жобалық жоспарға сәйкес, аталған алқапта барлығы 82 көпқабатты тұрғын үй бой көтермек. Бұдан бөлек, аумақта 1 емхана, 1 перинаталды орталық, 1 инфекциялық емхана, 1 мешіт, 2 мектеп, 3 балабақша және 486 жеке тұрғын үй салу көзделіп отыр. Жалпы аумағы — 388,3 гектарды құрайды.

Тұрғын үйлердің сыртқы келбеті де назардан тыс қалған жоқ. Заманауи сәулеттік стильді сақтау мақсатында олардың қасбеті мен шатыры ерекше дизайнмен безендірілуде.

Айта кетейік, алдағы уақытта осы шағын ауданда тағы 30 тұрғын үйдің құрылысы басталуы жоспарланып отыр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар