
2025 жылдың 7 сәуірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Польша мен Үндістандағы жаңа елшілерін тағайындады, деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
"Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Келесі мақала
Жазда 10 мың бала тегін демалады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері сатылымға шығатын күн белгілі болды
- авторAR-AY
- 15 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
Президент Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысын қабылдады
- авторAR-AY
- 15 қыркүйек, 2025