
Тұңғыш Президент атындағы орталық алаңда арқан тартыстан Қазақстанның жаңа рекорды орнатылды,деп хабарлайды arainfo.kz
Ел тарихында алғаш рет бір мезетте 200 адам қатысқан ұлттық спорт ойыны ресми түрде Қазақстан рекордтар кітабына енді.
Шара салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық мұраны ұлықтау және жастардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Жарыс барысында “Жайық” және “Еділ” атты екі команда күш сынасып, нәтижесінде “Жайық” командасы жеңіске жетті.
Рекордты Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркеп, арнайы сертификатты салтанатты түрде табыстады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама ұлттық спорт түрлерін кеңінен танытып, көпшілікті дәстүрлі ойындарға тартудың тиімді үлгісі болып отыр.
Келесі мақала
Полиция ЖИ арқылы жасалатын алаяқтық туралы ескертті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда зергерлік бұйымдарды сатудың жаңа ережелері әзірленді
- авторAR-AY
- Бүгін, 11:13