
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні,деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл күн – мәдениет пен салт-дәстүрдің ұлт жанының ажырамас бөлігі екенін еске салатын маңызды сәт.Бүгінгі буын ата-баба даналығына терең бойлап, салт-дәстүр, музыка, би және қолөнер арқылы рухани мұраны сақтап, жаңа заманға бейімдейді.
Осынау күнді Тараздағы өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері де атап өтті. Олар осы күні дәстүрлі құндылықтармен қауышып, ұлттық мұраға негізделген қастерлі өнерді дәріптеді.
Айта кетейік, бұл күн ортақ құндылықтар мен идеялар төңірегінде бірігуге және өткен мен бүгіннің байланысын нығайтуға жол ашады.
Келесі мақала