«Aq jol» газеті мен «Tekturmas» журналының бас редакторлары тағайындалды
- author AR-AY
- 17 наурыз, 2025
- 193

Қос бірдей редакторды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов серіктестік ұжымына ресми түрде таныстырды. Өңірдің ғасыр шежіресіне айналған, ата газет – «Aq jol» - дың бас редакторы болып белгілі журналист Оралхан Дәуіт тағайындалса, аймақ басшысының бастамасымен жуырда жарық керетін «Tekturmas» журналының бас редакторы болып тәжірибелі тілші, әріптесіміз Маржан Рақай тағайындалды.
Серіктестік ұжымымен өткен жиында сөз алған өңірдің идеология саласының жетекшісі, аймақ басшысының орынбасары Серік Жақсылықұлы қанатқақты «Tekturmas» журналынының негізгі оқырман аудиториясы туралы, жалпы жаңа баспасөз бетін шығарудағы ортақ мақсат-мүддені түсіндіріп, қос редакторға толайым шығармашылық табыс тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін «Aq jol» газетінің бас редакторы болған ақын, журналист Хамит Есаман күні кеше облыс әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалған болатын.
Тараздық ҚАЖ қызметкерлері салт-дәстүрді дәріптеді
Ұқсас жаңалықтар
«Көк кит» фильмі: прокуратура қолдауымен түсірілген туынды прокатқа шықты
- авторAR-AY
- 16 қыркүйек, 2025
Енді картаңызды басқа адамға берсеңіз, 7 жылға дейін сотталуыңыз мүмкін
- авторAR-AY
- 16 қыркүйек, 2025