Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Отбасы құндылығы-ортақ мүдде

Отбасы құндылығы-ортақ мүдде
Ашық дереккөз
Наурыз мерекесін қарсы алу дәстүрінде әр күнге арнайы атау беріліп, сол күнге тән іс-шаралар ұйымдастырылады.

Соның бірі – «Шаңырақ күні», бұл күн отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған. Осы күні өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өткізіледі, жас жұбайлардың некесін қию рәсімдері ұйымдастырылады және нәрестелі болған ата-аналарға «Наурыз-базарлық» естелік сыйлықтары табысталады.

Қазақ халқы қай заманда да отбасы құндылықтарына ерекше мән берген. «Отан – отбасынан басталады» деген қағида әрбір жанұяның берекесін сақтауға үндейді. Алайда қазіргі қоғамда әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге байланысты отбасы институты да түрлі сын-қатерлерге ұшырауда. Толық емес отбасылардың көбеюі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белең алуы, ажырасу деңгейінің өсуі – осының айқын көрінісі.

Бұл мәселелердің алдын алу мақсатында елімізде түрлі мемлекеттік және қоғамдық бастамалар қолға алынып, оған қоғамдық ұйымдар да үлес қосуда. Мысалы, «Елу жылда – ел жаңа» қоғамдық бірлестігі отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында бірнеше жылдан бері бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Ұйым өкілдері «Балаларды толық отбасында тәрбиелеудің маңыздылығы» тақырыбында түрлі дәрістер өткізіп, жас отбасыларға үлгі боларлық тұлғалармен кездесулер ұйымдастырумен айналысуда. Мұндай бастамалар жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың санасында отбасылық жауапкершілік ұғымын нығайтуға ықпал етеді.
Шаңырақтың шайқалмауы, ұрпақтың тәрбиелі болып өсуі – әрбір ата-анаға, әрбір азаматқа жүктелген міндет. Сондықтан отбасы құндылықтарын дәріптеу ісіне тек мемлекеттік органдар ғана емес, бүкіл қоғам атсалысуы қажет. 

 

Нұрым СЫРҒАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар