Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды
TURANINFO.KZ
Бүгінгі іс-шараның мақсаты — “Əулиеата кітап оқитын өңір” жобасын жастар арасында танытып, кітап оқу мəдениетін қалыптастыру.

Бүгінгі ойынға міндеттелген 5 кітап. Олар: Ш.Мұртаза «Интернат наны», Б.Момышұлы «Офицердің күнделігі», Несіпбек Дəутайұлы «Кұдірет пен қасірет”, Əзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз”, Шырын Мамасерікова «Бақыт” өлеңдер жинағы. Сонымен қатар, бұл іс-шара жастардың алған білімін көпшілікпен бөлісуге, ой-талқы жасауға, білім алу мен білім беру ісін дамытуға арналған тамаша мүмкіндік.

Ойын Жамбыл облысы əкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен Жамбыл облысы білім басқармасы, Меркі ауданы білім бөлімінің қолдауымен Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы ұйымдастыруда.

Алғысөз кезегі Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева, ақын ұлттық мəдениетіміздің жаршысы Шырын Мамасерікова, “Ой шебері” зияткерлік ойынының ұйымдастырушысы Исламбек Дастанұлына сөз берілді.

«Ойында мен жазған «Бақыт» кітабын алғанына қуаныштымын. Қазіргі таңда, газет, кітап оқымайтын жастар өсіп келе жатыр. Осы шара арқылы балалардың кітап оқуға құштарлығы артып, өмірлік жолдарына азық болады» деді ақын Шырын Мамасерікова. 

Ойын тартысты өтіп, 8 топ блиц жарысқа қатысты. Нәтижесінде бесінші орын, «Спикер колонка» сыйлығын — №13 М.Мәметова атындағы мектеп пен Мұхтар Әуезов атындағы  мектеп-лицейі, төртінші орын «Теледидар» бағалай сыйлығымен — № 17 Иван Трубицын атындағы мектеп гимназиясы, А.Тұрғымбаев атындағы №7 мектебі иеленді.


 

Жүлделі ІІІ орын 300 мың теңге №44 мектеп гимназиясы;

ІІ орын 400 мың теңге Тұрар Рысқұлов атындағы №20 мектебі;

І орын 500 мың теңге, облыстық гранд финалына жолдама Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 мектебі жеңімпаз атанды.

Барлық қатысушыларға естелік ретінде кітаптар таратылып, топ жетекшілеріне алғыс хат үлестірілді.

Ойын қорытындысы:





 

 

TURANINFO.KZ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар