Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Наурыз – мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі

Наурыз – мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі
Ашық дереккөз
Биылғы Наурыз мерекесінде де игі дәстүр жалғасып, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері қайырымдылық шарасын өткізді,деп хабарлайды arainfo.kz

Наурыз – тек көктемнің келуі ғана емес, ізгілік пен мейірімділікті дәріптейтін ерекше мейрам. Наурыз – тек көктемнің келуі ғана емес, ізгілік пен мейірімділікті дәріптейтін ерекше мейрам. Бұл күндері қоғамда қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі. Биылғы Наурыз мерекесінде де игі дәстүр жалғасып, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері қайырымдылық шарасын өткізді.

Аталған бастаманы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД 58 мекеме бастығы, әділет подполковнигі Руслан Нұрланұлы көтеріп, оны мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі А. Ниязымбетов пен бір топ қызметкер қолдады. Олар қайырымдылық жасау мақсатында Тараз қаласына қарасты Шөлдала ауылына барып, тұрғынға көмек көрсетті.

Қайырымдылық тек материалдық көмекпен шектелмейді. Жылы сөз, рухани демеу, жанашырлық таныту – қоғамдағы татулық пен мейірімділікті нығайтуға септігін тигізеді. Мұндай шаралар адамдардың бір-біріне деген сенімін арттырып, өзара қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.

Наурыз мейрамы жыл сайын игі істердің көбеюіне ықпал етіп, қайырымдылық дәстүрін қалыптастыруға жол ашады. Бұл мейрам тек жаңару мен қуаныш сыйлап қана қоймай, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, жүректерге жылу ұялататын ерекше күнге айналып келеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар