Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әлеуеті мығым елдің ертеңі жарқын

Әлеуеті мығым елдің ертеңі жарқын
Ақорда
Жер бетін жандандырып, жылулық лебін сезіндіріп жеткен көктеммен бірге келген мейірім мейрамы – Наурыздың көрісу күнінде Ұлттық құрылтай өтті. Ондағы кемел келешекке негізделген ұлағатты сөздер жүректерге үмітпен қоса қуаныш қондырды деп ойлаймын.

Адам біздің мемлекетіміз үшін ең басты құндылық екенін айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде сапалы өмір сүруге қажетті барлық жағдайларды қамтып өтті. «Біз еліміздің әлеуетін нығайта түсуіміз керек, яғни азаматтардың мұң-мұқтажына құлақ асатын және ең бастысы, мәселені тиімді шеше алатын әлеуеті мықты ел болуымыз қажет» деген Президент сөзінің көрінісі Amanat партиясының атқарып отырған ісінде деп білемін. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне күн сайын көптеген азаматтар түрлі мұқтаждығын айтып, мәселелерінің шешіміне көмек сұрап келеді. Халықтың қажеттілігін қамтып, мәселелерінің оң шешімін табуға заң аясында жан-жақты мүмкіндіктерді қарастырамыз. Мекеме басшыларының, депутаттардың қоғамдық қабылдауларын ұйымдастырамыз. Көптеген тұрғындар мәселесіне осында шешімін тауып, алғысын айтып кетіп жатыр. Бұл бағыттағы жұмысымыз тоқтаусыз жалғаса береді.

 

Үміт ИБРАИМОВА,

Amanat партиясы облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар