
Белгілі айтыс ақыны Біржан Байтуов сырт елдерден туристер келетін орындардың ахуалын жақсарту, әсіресе, мемлекеттік тілдегі жазуларды молайтып, қазақша әндер мен күйлерді қою, ұлттық тағамдар желісін ашу мәселесін сәтті көтерді. Бұл олқылықтар Бурабайдың өзіне де тікелей қатысты болып отыр. Әрине, келешекте шешімін табар деген ойдамыз. Мәдениет ошақтарын күрделі жөндеу жұмыстарына назар аударылса, оның игілігін біздің өңірдегі шалғай ауылдар көреді деген ойдамын.
Ұлттық құрылтайда айтылған өзекті мәселелердің барлығын қолдаймын. Сол ұсыныстардың барлығы елдің дамуы мен өркендеуі үшін айтылған құндылықтар. Сондықтан, бұл Ұлттық құрылтай да өзінің жүгін жоғары дәрежеде көтерген, маңызы терең жиын болды деп бағалаймын.
Асылхан ШҮҢІРЕКОВ,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.