Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ертегі – танымның көзі

Ертегі – танымның көзі
Ашық Дереккөз
Жуырда Тараз қаласындағы №13 мектепте «Әжемнің ертегісі» атты фольклорлық сабақтар топтамасы өтті.

«Радонеж» Орыс қоғамдастығының өкілі, №13 мектептің музыка пәнінің мұғалімі Оксана Дьяченко ұйымдастырған басқосуға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Іс-шара қонақтары бастауыш сынып оқушыларына «Үш аю», «Алтын тиынның құпиялары», «Жақсылық пен зұлымдық», «Қарашай-балқар наны», «Қанатынан айырылған Малах» сынды түрлі этностардың ертегілерін оқып берді. Атап өтер болсақ, «Шиват Цион» еврей мәдени орталығының төрайымы Ирина Акулова мен аталған бірлестіктің Аналар кеңесінің мүшесі Нина Михайлова, облыстық орыс драма театрының әртісі Надежда Турманидзе, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің өкілдері – Айгүл Озғанбай, Фатима Галиулина, Татьяна Осипова, Раиса Хурттуева түрлі ертегілерді нақышына келтіре оқып, оқушылардың алғысына бөленді. Сондай-ақ, жиын аясында тыңдаушылар назарына «Ахысқа» Түрік этномәдени бірлестігінің өкілі Ләйлә Мұзафарованың «Айлакер лақ» және «Иттің оқиғалары» ертегілері де ұсынылды.

Іс-шараға белсене қатысқан мектеп оқушылары қонақтарға ән шырқап, шығармашылық қойылымдарын қойды.

Жиын соңында балалар тыңдаған ертегілері туралы пікірлерін айтып, алған әсерлерімен бөлісті.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар