Басқосуды ашқан Тараз «Парасат» жоғары колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Динара Исмаилова қазіргі білім беру бағдарламаларының еңбек нарығына сай мамандар даярлаудағы ерекшеліктеріне тоқталды.
– Семинардың негізгі мақсаты – болашақтағы еңбек нарығының қажеттіліктерін ескеріп, білім беру мен кәсіби дамуға қатысты нақты стратегияларды анықтау. Семинарға колледждің әлеуметтік серіктестіктерін шақырдық. Олардың ішінде №17, 41, 25 бөбекжай-балбақшасы, «Келешек» ғылыми интеллектуалды мектеп-лицейі, №3 спорт мектебі, одан бөлек банк қызметкерлері бар. Семинар барысында «Студенттерге білім беру барысында қандай дағды-қасиеттерді қалыптастыру қажет, нендей кәсібилікті үйрету керек?» деген сынды түрлі сауалдарға жауап іздейміз. Мұндай жиындардың болашақ мамандарға берері мол, – деді Динара Исмаилова.
Семинарда «Болашақ маманның табысты әрі бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізетін дағдылар» тақырыбында колледж мамандары әлеуметтік серіктестерімен бірге нақты дағдыларды дамыту бойынша ұсыныстарды талқылады.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Ескерткіштердің есебі бар ма?
Ұқсас жаңалықтар
Жаза емес — көмек: Жамбыл облысында қиын жасөспірімдермен жұмыс күшейтілді
- авторAR-AY
- 30 қазан, 2025




