Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Талас ауданында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кездесу өтті

Талас ауданында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кездесу өтті
Ашық дереккөз
Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сәлемов Серік Жақсылықұлының қатысуымен маңызды кездесу өтті,деп хабарлайды arainfo.kz

Кездесуге Ұлбике атындағы Талас аудандық мәдениет үйінде құқық қорғау органдары өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңес мүшелері, сала мамандары мен белсенді жастар қатысты.

Кездесуде Талас ауданының әкімі Н.Жүнісбеков, Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Б.Жанаев, аудандық прокурордың міндетін уақытша атқарушы А.Тилешов және басқа да спикерлер сөз сөйлеп, құқық қорғау мен қоғамдық тәртіп мәселелері талқыланды.

Кездесу аудан тұрғындары үшін маңызды ақпараттармен бөлісу алаңына айналды.

Осы жоба арқылы азаматтардың заңды құрметтеуге, құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікке өз үлестерін қосуға шақырады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар