Жаңалықтар
Алматы әуежайындағы оқиғаға байланысты үш қылмыстық іс қозғалды
- author AR-AY
- 9 наурыз, 2025
- 110

Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайындағы адамдарды кепілге алған ер адамның әрекетіне қатысты алғаш рет түсініктеме берді,деп хабарлайды arainfo.kz
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, ер адам әуежай қызметкерін пышақпен қорқытып, сөмкесінде бомба барын айтып, жолаушыларды үркіткен . Оқиғаға байланысты үш қылмыстық бап бойынша іс қозғалды:
1. Кепілге алу (Қылмыстық кодекстің 261-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы) – мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
2. Қару қолданып бұзақылық жасау (Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-бөлігі) – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
3. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (Қылмыстық кодекстің 273-бабы) – 5000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасып, оқиға жан-жақты зерттелу үшін жедел-тергеу тобы құрылды.
Келесі мақала
Италия Президентінің ұшағы елорда әуежайына қонды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырады
- авторAR-AY
- 27 наурыз, 2025