
8 наурыз күні, “Тараз” футбол клубы негізгі және U-16 команда футболшыларының қатысуымен MART сауда мен ойын-сауық орталығында нәзікжандылар үшін арнайы іс-шара өткізді,деп хабарлайды arainfo.kz
Мерекелі жиында клубымыздың аяқдопшылары қаламыздың ең үлкен сауда нүктесінің кіреберіс дәлізіне төселген қызыл кілем арқылы жүріп өткен қыз-келіншектерге гүл шоғын табыстап шықты. Одан кейін футбол атрибуттарын қолдану арқылы импровизациалы кедергілер алаңы құрылып, орталыққа келген нәзікжанды келушілер арасында байқау ұйымдастырды. Бақ сынап көремін деген қыз балалары үш тапсырмадан тұрған түрлі сынақтардан өтті. Өзің жақсы қырынан көрсеткендерге сыйлықтар берілді. Арасында футбол орталықтың қыздар командасының ойыншылары да шеберлігін көрсетіп, берілген тапсырмаларды мүдірмей орындап шықты.
Осылайша, бір сағатқа созылған мерекелік жиын ару жандардың шат-шадыман көңіл-күйге еніп, естелік сыйлықтарға олжалы боп қайтуына сеп болды.