Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда түзеу мекемесінің басшылығы жазасын өтеуші әйелдерді мерекемен құттықтады

Таразда түзеу мекемесінің басшылығы жазасын өтеуші әйелдерді мерекемен құттықтады
Ашық дереккөз
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде сотталған әйелдерге көңіл бөлініп, жазасын өтеуші нәзікжандыларды мерекемен құттықтады,деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл күні мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев мұндағы әрбір азаматша еркін өмірде бір-бір отбасының анасы, ақылшысы екенін атап өтті.

– Мекеме әкімшілігі жазасын өтеуші әйелдердің көңіл-күйін көтеру мақсатында мерекелік гүл шоқтары ұсынылды. Бұл сотты болған нәзікжандылардың қаяу көңілдеріне қуаныш ұялатып, болашаққа үміт сыйлары анық, – делінген ақпаратта. 

Өз кезегінде аңдамай шалыс басқан әйелдер қауымы заң бұзғандарына өкінетіндерін жасырмады. Олардың көзқарастарынан жүрек түкпіріндегі әйелге тән мейірімділік пен нәзіктікті аңғару қиын емес. 

– Еркін өмірде ет-жақын ер-азаматтарымыз бұл күнді елеусіз қалдырмайтын. Ал бүгін мекеме басшылығы бізді ескеріп, айтулы мерекемен құттықтағаны үшін алғыстан өзге айтарымыз жоқ, – дейді сотталған әйелдің бірі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар