Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қандай ғажап гүл - көктем!

Қандай ғажап гүл - көктем!
А.Қартабай
Кең даланың төсін гүлмен, көгін нұрмен кестелеп жеткен көрікті көктемді кім сүймес?! Қыздардың күлкісіндей сыңғырлап барып, бұлаққа үн бітіріп, бұтаққа бүр болып шыққан сәулелі сәттердің, шұғылалы шақтардың оянған тұсы – осы мезет. Қауырсын қанатын дамылсыз қаққан өмірдің өзегін жұпар аңқытып, көңілдің көжиегін күймен көмкеріп жеткен мезгіл бұл.

Сұлулық пен сымбат, жылылық пен мейірім, ас та төк береке мен мерекенің бастауы болған ару көктем талант атаулының шабытын оятып, ақынның жырына қасиет, суретшінің қаламына жан бітірері сөзсіз. Жер-жаһанға жылылықтың нұрын шашып, тотыдай түрленіп, жақсылықты сүйіншілеп жеткен көктемнің көркі – сұлулық пен әсемдік.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар