
Кешке қоғам белсенділері, ақ кимешекті әжелер, іскер әйелдер, көпбалалы аналар мен жастар қатысты. Олардың қатарында «Шебер Шаңырақ» мүгедектер қоғамдастық бірлестігінің мүшесі Алтыншаш Канибетова, отставкадағы майор, қазіргі уақытта облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте қызметін жалғастырып жүрген Нағима Артықбаева, 81067 әскери бөлімінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы Айдана Айтқұлова бар. Сонымен бірге қалалық перинаталдық орталықтың акушер-гинеколог дәрігері Айдана Дабыл, «Ainur med» медицина орталығының басшысы Айнұр Ермұхамедова, №2 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Исмаилова және «Астана» колледжінің мұғалімі Гүлнұр Әліпбекова да әсем кештің төрінен табылды.
Жарық дүние сыйлаған жандарға кітапхана оқырмандары тәтті тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
– Мереке қарсаңында керемет жиын өтті. Әдеби іс-шарадан рухани сусындап, қанағаттанып қайттым. Ұйымдастырушылардың ізеттілігі, аналарға деген құрметінің өзі керемет. Әйел адам сондай ізетті болып, қолынан келгенше айналасына нұрын шашып тұру керек. Барлық нәзікжандыларды мерекесімен құттықтаймын, – дейді А.Канибетова.
Мерекелік іс-шарада айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі асыл ана, адал жар, аяулы қыз-келіншектерге арналды.
«AR-AI»-ақпарат