Жаңалықтар
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде әйелдерді көктем мерекесімен құттықтады
- author AR-AY
- 6 наурыз, 2025
- 133

8 наурыз – Халықаралық әйелдері күні қарсаңында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде арнайы шара өтті,деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл күні мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев жұмыс пен үй шаруасын қатар алып жүрген нәзік жанды әріптестерін көктем мерекесімен құттықтап, қиын да қызықты қызметтеріне сәттілік тіледі.
– Ішкі істер органдарында жұмыс істеу – екінің бірінің қолынан келмейтіні анық. Қиындығы көп салада мінсіз қызмет етіп жүрген барлықтарыңызға алғысымыз шексіз. Сіздер бір-бір шаңырақтың шырағын жағып қана қоймай, еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалдың қалыпты сақталуына өз үлестеріңізді қосып жүрсіздер. Осы ретте Аналар-Арулар дендеріңізге саулық тілеймін. Аман болыңыздар!, – деді Б.Онбаев.
Айта кетейік, қазіргі таңда қауіпсіздігі барынша төмен аталған мекемеде 20-ға жуық азаматша қызмет атқарады.