Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қостанайда оқушының әзілі үшін ата-анасы жауапқа тартылды

Қостанайда оқушының әзілі үшін ата-анасы жауапқа тартылды
polisia.kz
Қостанайда бесінші сынып оқушысының әзілі ата-анасы үшін жазаға айналды, деп хабарлайды arainfo.kz

4 наурызда полицияға қала мектептерінің бірінің оқушысынан қоңырау түсті. Ол мектепті террористер басып алғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері — полиция, құтқарушылар және ҰҚК қызметкерлері жетті. Тексеру барысында қауіп расталмай, жарылғыш заттар мен күдікті адамдар табылған жоқ.

Полицейлер жалған қоңырау шалушының жеке басын анықтады — ол сол мектептің 5-сынып оқушысы болып шықты. Қазіргі уақытта көрінеу жалған хабарлама беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін оқушының ата-анасы жауапкершілікке тартылады.

Заң бойынша терроризм актісі туралы жалған хабарлағаны үшін 5 мың АЕК-ке дейінгі айыппұл (шамамен 19,6 млн теңге), түзеу жұмыстары, немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қарастырылған. Мұндай қылмыс үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

Сондай-ақ, сот шешімімен жалған қоңыраудан туындаған барлық шығындар өтелуі тиіс. Егер құқықбұзушылықты кәмелетке толмаған жасаса, шығынды өтеу міндеті ата-аналарға немесе заңды өкілдерге жүктеледі. 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар