Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жошы хан туралы халықаралық тарихи сериалдың түсірілімі басталды

Жошы хан туралы халықаралық тарихи сериалдың түсірілімі басталды
«Дара» Президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметі
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" студиясының павильондарында "The Golden Empire" жұмыс атауымен белгілі халықаралық тарихи сериалдың түсірілімі басталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы «Дара» Президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ағылшын тіліндегі деректі-көркем "The Golden Empire" телехикаясының өндірісін әлемге әйгілі Karga Seven Pictures жүзеге асыруда. Бұл компания 90-нан астам елде Netflix-тің ТОП-10 тізіміне енген «Осман империясының өрлеуі» және «Өсиет: Мұсаның тарихы» сынды жобаларымен танымал. Жобаның Қазақстандағы жергілікті серіктесі — TAURUS Asia Production.

Түсірілім алаңы таңғы сағат 6:00-де жанданды. Алғашқы кадр алдында режиссер Эмре Шахин, түрік продюсері Фикрет Маноғлу және TAURUS Asia Production продюсері Анна Чакиртова түсірілім тобын құттықтап, жігерлендіретін сөздер айтты.

Эмре Шахин: «Бұл жай ғана сериал емес – бұл өткенмен құрылған диалог. Әрқайсыңыз осы тарихты бүгінге жеткізушісіз. Әр қадам – ұжымдық еңбектің нәтижесі. Сценарийден бастап костюмдер мен декорацияға, жарықтандырудан операторлық жұмысқа дейінгі әрбір кезең – алға жылжудың маңызды бөлігі. Біз бірге жұмыс істейміз, бір-бірімізге қолдау көрсетеміз және бұл жобаның ерекше болатынына сенеміз».

Сағат 9:10-да камералар арнайы жасалған 12 метрлік дәстүрлі киіз үйде алғашқы кадрды түсірді. Түске дейін алғашқы сәтті дубль бекітілді. Қазақтың ежелгі дәстүріне сай, сәттілік тілеу мақсатында түсірілім тобы қолтаңбалар қойылған табақты сындырып, әр қатысушы оның сынығын естелікке алынды.

Қазіргі таңда түсірілім тобы жоғары дайындық пен ынтасын көрсетіп, белгіленген кестеге сай қарқынды жұмыс істеуде. "The Golden Empire" телехикаясы Қазақстан киноиндустриясының дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық кинематографиялық ынтымақтастықты нығайта түспек.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар