
Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова испаниялық ғалыммен кездесіп, жұмыс жоспары мен екі университет арасындағы білім беру, ғылыми іс-қимыл саласындағы өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, испан тілінің дамуы, білім беру бағдарламалары және екіжақты диплом, ынтымақтастықтың болашақ перспективалары жайлы сөз қозғалды. Бірлесе жұмыс істеу арқылы жастарға білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алу арқылы кәсіби салаға қадам басуға мүмкіндіктер ашу жайлы жоспарлар құрылды.
Профессор Хуан Карлос Инфанте Моро «Экономика және құқық» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттермен танысып, бас ғимаратта орналасқан мұражайдағы Мұхамед Хайдар Дулатидің жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттарына, тарихи фотосуреттер мен сирек басылымдарға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, Дулати ұжымының қонақжайлылығы мен жылы қабылдауына алғысын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.
«AR-AI»-ақпарат