Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ресми

Ресми
Ашық Дереккөз
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн ұзақмерзімді әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiнің 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттырылғандығы туралы

Әлеуметтік кодекстің 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы жыл сайын шешім қабылдайды.

Осыған орай, ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы № 970 қаулысына сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан Жамбыл облысындағы еңбекке қабілеттілігінен айырылған 4 911 мың адамға және асыраушысынан айырылған 3 195 мың отбасыға тағайындалған ұзақмерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшері 6,5 пайызға арттырылды.

Аталған әлеуметтік төлемдер осындай базалық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша тағайындалатынын атап өткен жөн.

Әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу автоматтандырылған режимде жүргізілді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар