Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Достық үйінде көрме ашылды

Достық үйінде көрме  ашылды
Ашық Дереккөз
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай Тараз қаласындағы «Достық» үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы мен жетістіктері» атты көрме ашылды.

Іс-шара Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайтуға және Қазақстан халқы Ассамблеясының өткені мен бүгіні туралы кеңінен ақпарат беруге бағытталған. Көрменің басты мақсаты – ел ішіндегі этносаралық татулықты дәріптеу, түрлі этномәдени бірлестіктердің қызметін көрсету және олардың еліміздің дамуына қосқан үлесін айшықтау.

Мерекелік іс-шараға облыстық этномәдени бірлестіктердің мүшелері, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымы, қоғам қайраткерлері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мүбарак Жинақбаева сөз сөйлеп, жиналған қауымды құттықтады.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірдегі белсенді мүшелері сөз сөйлеп, ҚХА-ның тарихи рөліне тоқталып, ұйымның ел бірлігін нығайтудағы маңызы туралы ойларымен бөлісті.

Көрмеге Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тарихынан сыр шертетін 40-қа жуық тарихи сурет, этномәдени бірлестіктердің құрылу кезеңдері жайлы архивтік құжаттар, түрлі жылдары жарық көрген кітаптар коллекциясы, этномәдени бірлестік өкілдерінің тарихи отанынан әкелінген ұлттық бұйымдар мен кәдесыйлар қойылды. Әрбір жәдігер Қазақстан халқы Ассамблеясының сан қырлы қызметін айғақтайтын маңызды тарихи дерек.

Сондай-ақ, көрме барысында Қазақстанда тұратын түрлі этностардың ұлттық киім үлгілері мен олардың мәдени ерекшеліктерін көрсететін арнайы бұйымдар ұсынылды. Бұл жәдігерлер көрмеге келген қонақтарға этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы кеңірек мағлұмат беруге мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева жиналған қауымға көрменің мазмұнын кеңінен таныстырып, қойылған экспонаттар туралы жан-жақты ақпарат берді. Келушілер көрме жұмысына жоғары баға беріп, Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі ұлтаралық татулық пен ынтымақты нығайтуға қосқан үлесі ерекше екенін атап өтті.

Көрме біраз уақыт бойы келушілер үшін ашық болады.

 

Элизат ҚОНЫСБАЙ,

«Қоғамдық келісім» мекемесінің

жетекші-сарапшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар