Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шаһарда 30 меншік иелерінің бірлестігі құрылды

Шаһарда 30 меншік иелерінің бірлестігі құрылды
Тараз қаласының әкімдігі
Қазіргі таңда Тараз қаласы бойынша 1 438 үй бар, оның ішінде 613 үй 30 пәтерге дейін үйлер және 54 коммуналдық үйде мүліктің меншік иелерінің бірлестігі (ММИБ) нысанын құру қарастырылмаған.

Тараз қаласы бойынша 270 ММИБ басқару органы құрылды, 613 жай серіктестік (ЖС) құрылды және Easy Project базасына толық енгізілді. Қала аумағында 284 үйге қызмет көрсетіп келген 18 пәтер иелері кооперативі (ПИК) бүгінгі күнде жаңа басқару органдарына өкілеттіліктерін тапсыруда және сервистік қызметке көшуде.

Қаладағы өзекті мәселенің бірі – көпқабатты тұрғын үйлерді басқару үшін мүліктің меншік иелерінің бірлестігін (ММИБ) құру. Аталған мәселені шешу үшін тұрғындармен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы кесте әзірленіп, жыл басынан бері 545 жиналыс өткізілді. Нәтижесінде биыл 30 меншік иелерінің бірлестігі (ММИБ) құрылды. Кестеге сәйкес бөлім қызметкерлері және аумақтық округ инспекторлары жұмыстар атқаруда.

 

Тараз қаласы әкімдігінің медиа қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар