Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Түркиялық инвесторлар облысымызға қаржы салуға ниетті

Түркиялық инвесторлар облысымызға қаржы салуға ниетті
Жамбыл облысының әкімдігі
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған делегация Түркия Республикасының Мерсин провинциясына жұмыс сапарымен барды.

Іссапардың  қауырт бағдарламасындаірі кәсіпорындарға, Мерсиннің индустриялық-өнеркәсіптік аймағына бару қамтылды.

Жұмыс тобымен бірге нысандарды Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Бас консул Қуат Қанафеев, Мерсин қаласындағы Құрметті консул Ахмет Будан аралады.

Жамбыл облысының делегациясы салынып жатқан Аккую атом электр стансасына іргелес орналасқан Мерсин провинциясы аудандарының экономикалық даму динамикасын егжей-тегжейлі зерттеді. Мерсин басшылығының айтуынша, бұл саладағы жобалар Гюльнар және Силифке аудандары экономикасының 40 пайызға өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген.

Станса құрылысының мультипликативті әсері туралы да сөз қозғалды. Мерсин провинциясында шағын және орта бизнестің даму қарқыны артқан.

Делегация АЭС құрылысы алаңының жанындағы жұмысшыларға арналған тұрғын үй кешеніне барды. Барлығы 24 жатақхана салынған (3 200 адам).

Ербол Қарашөкеев «Medcem Cement Group» басшылығымен құрылысты дамытуды ынталандыру және құрылыс индустриясына әлемдік стандарттарды енгізу бойынша белсенді шараларды талқылады. «Medcem Cement» зауыты – жылдық қуаты 6,6 миллион тонна өнім шығаратын әлемдегі ең ірі цемент зауыттарының бірі.

Жамбыл облысының кәсіпкерлері түркиялық әріптестеріне өңірдің бай минералдық-шикізат ресурстары туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, одан әрі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын ұсынды.

Делегация атом электр стансасының болашақ жұмысшылары үшін салынып жатқан үлкен тұрғын үй кешенінің құрылысын мысалға ала отырып, Мерсиндегі құрылыс индустриясының әлеуеті туралы тереңірек білді. Әртүрлі көлемдегіпәтерлерден бөлек, нысан аумағында балабақшалар, мектептер, бизнес, денсаулық сақтау, спорт нысандары, ойын алаңдары, қонақүй, мәдениет орталығы салынады, көліктерге арналған электр зарядтау стансалары, шатырларда электр қуатын өндіретін күн батареялары болады.

Облыс әкімі тұрғын үй құрылысы бойынша түрік тарапының тәжірибесін зерделеп, жаңа технологияларды енгізуді тапсырды. Мерсиннің индустриялық-өнеркәсіптік аймағына сапар барысында делегация өндіріс орындарымен танысып, бірлескен кәсіпорындар құру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, делегация «Yılbor Boru» пластик құбырлар зауытын, «Gökmak» болат конструкциясы мен желдету жүйесі зауытын, сондай-ақ «Berdan Çevata» бекіткіш өндіру зауытын аралады.

«Arbel Group» дәнді және бұршақ дақылдарын қайта өңдеу зауытында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды.

«Ulusu Pompa» – сорғы жабдықтарының кең ауқымын өндіруге маманданған компания. Бұл бағыт жерасты суларын тиімді пайдалану және ұңғымаларды бұрғылау бойынша ауқымды жұмыстарды ескере отырып, Жамбыл облысы үшін өзекті болып отыр.

«Asya sera» компаниясы жылыжай құрылысына арналған берік конструкциялар шығару жобаларын ұсынды.

Өңір басшысы компанияларды Жамбыл облысында жоғары технологиялық өндіріс орындарын ашуға шақырып, кәсіпкерлікті қолдау шаралары, оның ішінде жаңа кәсіпорындар үшін дайын өндірістік алаңдар беру туралы айтты.

Екіжақты кездесу барысында Ербол Қарашөкеев пен Мерсин провинциясының губернаторы Атилла Торос түрлі салалардағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту және кеңейту әлеуеттерін талқылады.

Жамбыл облысының Мойынқұм, Шу аудандары мен Мерсин провинциясының Гюльнар және Силифке аудандары арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған делегация Түркия Республикасының Мерсин провинциясына жұмыс сапары барысында Қазақстан-Түркия инвестициялық форумына қатысып, әлеуетті түрік компанияларымен B2G форматында кездесулер өткізді.

Жамбыл облысы мен Мерсин провинциясының мемлекеттік органдары, бизнес өкілдеріне форум іскерлік байланыстарды нығайту, сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерді жан-жақты талқылау үшін аса маңызды алаң болды.

Ербол Қарашөкеев мұндай іс-шаралар түрік компанияларының Жамбыл облысындағы өндіріс ауқымын кеңейтуге деген қызығушылықтарын арттыра түсетінін атап өтті.

Сондай-ақ аймақ басшысы облыстың жоғары инвестициялық әлеуеті мен артықшылықтарына тоқталып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында маңызды инвестициялық жобаларды қолдау шаралары туралы баяндады.

Өңірдің қолайлы климаттық жағдайын, логистикалық тұрғыдан тиімді географиялық орналасуын, табиғи ресурстардың, оның ішінде металлургия, химия және құрылыс салаларын дамыту үшін мол қорының бар екенін жеткізді. Өңірде қолайлы инвестициялық саясат жүзеге асуда десек, үш жылға жоспарланған 7 миллиард долларды құрайтын ірі жобалар оған дәлел бола алады.

Ербол Қарашөкеев түрік компанияларын облысқа инвестиция құюға шақырып , ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, туризм, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, кабельдік өнімдердің, желдету және электр жабдықтарының, сорғылардың , сондай- ақ оқшаулағыш материалдардың өндірісін құру бағыттарындағы орасан зор әлеуетке назар аудартты.

– Біз мүдделі инвесторларды қолдауға, кең ауқымды преференциялар беруге, дайын инфрақұрылымы бар өндірістік үй-жайлармен қамтамасыз етуге дайынбыз. Аумағы 40 мың шаршы метрді құрайтын үй-жайлардың құрылысы аяқталуға жақын. Биыл тағы 100 мың шаршы метр құрылыс жоспарланған. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеумен айналысатын «Zhambyl Invest» дирекциясында Түркиямен жұмыс істеу үшін жеке бөлім құрылған, – деді облыс әкімі.

Форум барысында тараптар қосымша салалардың дамуына әсер етіп, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырған Мерсин провинциясы аумағындағы атом электр стансасын салу жобасын талқылады.

Облыс делегациясы түрік серіктестерінің озық тәжірибесін қарастыруға қызығушылық білдірді.

М е р с и н С ауд а - ө н е р к ә с і п п а л ата с ы төрағасының орынбасары Мұстафа Оздамар провинцияның инвестиция тарту бойынша көшбасшы екенін атап өтіп, Қазақстанмен, оның ішінде Жамбыл облысымен ынтымақтастықты нығайтудың зор мүмкіншілігіне тоқталды.

Мерсин провинциясы губернаторының орынбасары Ирфан Демироз Қазақстан мен Түркия ұзақ жылдар бойы тығыз ынтымақтастықты сақтап келе жатқанын, ортақ тарихи және мәдени байланыстар екіжақты қарым-қатынастардың негізі екенін жеткізді. Ол Жамбыл облысымен өзара іс-қимылды кеңейтуге ниет білдірді.

Сондай-ақ Түркиядағы «KAZAKHINVEST» өкілі Ерсұлтан Жаңабаев орамды ойларын ортаға салды.

Облыс делегациясы Мерсин кәсіпкерлерімен B2G форматында кездесулер өткізді, бұл тікелей байланыс арналарын құруға, Жамбыл облысы мен Мерсин провинциясы аудандарының сауда белсенділігін ынталандыруға ықпал етпек.

Мерсиндік іскер топ өкілдері Жамбыл облысымен бірлесіп цемент, дизель майы, күн батареяларын өндіру, жеміс-жидек, көкөністерді өңдеу және басқа да бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады. Кездесулер барысында әрбір жоба егжей-тегжейлі талқыланып, өңір басшысы кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына толық жауап берді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар