Жаңалықтар
Қазақстандық конькиші Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
- author AR-AY
- 24 ақпан, 2025
- 79

Евгений Кошкин Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды,деп хабарлайды arainfo.kz
Спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.
Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд. Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды – 34,76 секунд.
Еске сала кетейік, Евгений Кошкин Харбиндегі ІХ қысқы Азия ойындарында 100 метр қашықтықта күміске қол жеткізген еді.