Жаңалықтар
Павлодарда із-түссіз жоғалып кеткен кәсіпкердің денесі табылды
- author AR-AY
- 24 ақпан, 2025
- 55

Павлодарда полицейлер 21 ақпанда жоғалып кеткен 52 жастағы кәсіпкердің денесін тапты. Марқұмның жақындары оның ешқашан ескертпей кетіп қалмағанын айтады, деп хабарлайды arainfo.kz
21 ақпанда павлодарлық кәсіпкер Асулан Нұрмағамбетов Торайғыров көшесі, 1/3 мекенжайынан көлігімен белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмаған. Туыстарының айтуынша, ол ешқашан ескертусіз жоғалып кетпейтін, ал еріктілер оның бизнеспен айналысатынын жеткізді.
Асуланды іздеуге полиция, еріктілер және жақындары жұмылдырылды.
"Іздестіру іс-шаралары барысында бұрын хабар-ошарсыз кеткен азаматтың мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 'Кісі өлтіру' бабы бойынша іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде", — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.
Тергеу барысында оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Сарысуда «Жаңару күні» аясында 27 мың түп тал отырғызу акциясы басталды
- авторAR-AY
- 19 наурыз, 2025