Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Көрінеді тілден түйсік, білім де, біле білсең жарылқаушы – тіліңде»

«Көрінеді тілден түйсік, білім де, біле білсең жарылқаушы – тіліңде»
Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай «Көрінеді тілден түйсік, білімде біле білсең жарылқаушы – тіліңде» тақырыбында әдеби жорға (байқау) ұйымдастырылды,деп хабарлайды arainfo.kz

Байқау Тараз қаласының білім бөлімінің №2 орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Қатысушылар «Жас Қыран», «Культура и наследие», «Бірлік», «Языковой мост» топтарына бөлініп, өз ана тілінде топты таныстыру,  тақырып аясында қазақ ақын-жазушыларының өлеңін оқу, тілге қатысты сұрақ-жауап бөлімі және топтың жеке өнері бойынша бақ сынап, өз ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ байқауға қазылық еткен тәлімгерлер ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуға шақырды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар