Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қар көшкіні кезінде өзін-өзі құтқару жолдары турасында дәріс өтті

Қар көшкіні кезінде өзін-өзі құтқару жолдары турасында дәріс өтті
Ашық дереккөз
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Қауіпсіздікті сақтайық!» жобасы аясында №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларына «Қар көшкіні кезінде өзін-өзі құтқару жолдары» турасында дәріс өткізді, деп хабарлайды arainfo.kz

Аталған іс-шара қыс мезгілінде болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мен қар көшкіні кезінде қандай әрекет жасау керектігі бойынша оқушыларды ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жамбыл аумақтық Төтенше жағдайлардың алдын-алу және қорғаныш құрылыштарын пайдалану тобының бас инженері Қасым Келсінбекұлы Суликов қар көшкіні қозғалысының орташа жылдамдығы туралы ақпарат бере отырып, қыс мезгіліндегі қауіпті жағдайларда қандай әрекеттер жасалынуы қажет, сақтық шаралары кезінде тоңып қалған болса алғашқы жәрдем көрсету бойынша жалпы ережелер таныстырылды.

Дәріс барысында сақтық шаралар жөнінде қар көшкіні туралы бейнеролик  пен слайдттар көрсетіліп, сондай-ақ, ТЖ кезінде «112»  және  «114» телефон нөміріне хабарласу қажеттігін баса айтып,  оқушыларға арнайы жадынамалар үйлестіріліп берілді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар