Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жұлдыз ақынмен өткен жылы жүздесу

Жұлдыз ақынмен өткен жылы жүздесу
Ашық Дереккөз
Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы балалар шығармашылығы және тәрбие орталығында ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Жұлдыз Бейсектің «Мен сенің көктеміңмін» атты шығармашылық кездесу кеші өтті.

Әдеби кешті «Ақ желкен» үйірмесінің оқушысы Жанерке Тәкіш жүргізді. Жанерке алдымен жиналған қауымды Жұлдыз Бейсектің шығармашылығымен қысқаша таныстырып, ақынның жүрекке жылы тиетін жырлары жастар арасында кеңінен танылып, үлкен сұранысқа ие екені атап өтті.

Келесі кезекте оқушылар Жұлдыз Бейсектің бірнеше өлеңін мәнерлеп оқып, ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін жан-жақты ашуға тырысты. Әсіресе туған жер, махаббат, анаға деген құрмет, өмірдің мәні жайлы жазылған туындылары тыңдарманның жүрегіне ерекше әсер етті.

Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі ақынның сөзіне жазылған «Ана» әнінің орындалуы болды. Бұл әнді жас өнерпаз Нұрдәулет Үсенғали шынайы сезіммен жеткізіп, көрермендердің көңілін тебірентті. Сонымен қатар Аяулым Бейсенбек ақынның «Үшарал» өлеңін, Балнұр Құрманғазы «Әпке» өлеңін мәнерлеп оқыды.

Еркін форматта өткен кездесуде оқушылар ақынға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Өз кезегінде Ж.Бейсек жастарды өз ойларын еркін жеткізуге, шығармашылық ізденісте болуға шақырып, сұрақтарына шынайы жауап берді.

Сонымен қатар кеш барысында ақынның шығармашылығын тереңірек тану мақсатында «Жалғасын тап» ойыны ұйымдастырылды.

Кеш соңында Жұлдыз Бейсек орталыққа өзінің «Сүйші» кітабын естелік ретінде сыйға тартты. Бұл жинақ жас оқырмандар үшін құнды дүние болары сөзсіз.

Ләззат БЕГАЛИЕВА,
балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының мұғалімі,
Байзақ ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар