Жаңалықтар
Тараздағы түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер өзара бақ сынасты
- author AR-AY
- 18 ақпан, 2025
- 70

Бүгінгі таңда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер мұнда өтетін барлық іс-шараларға тұрақты түрде қатысуда.
Өйткені, сот үкімімен кінәлі деп танылып, темір торға тоғытылған арнайы контингент өкілдерін қоғамға бейімдеуде мәдени және спорттық іс-шаралардың алар орны ерекше.
Жуырда мекеме аумағында ұйымдастырылған бұқаралық спорт түрлерінен өткен жарыста сотты болғандар ерекше белсенділік танытты. Бұл күні олар арқан тарту, гір тасын көтеру, шахмат және қол күресінен өзара сынға түсіп, жеңіске жету жолында алдарына жан салмады. Нәтижесінде тұғыр биігіне көтеріліп, жеңімпаз атанғандар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды.
Келесі мақала
«Әкімдер мектебі» жұмысын бастады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырады
- авторAR-AY
- 27 наурыз, 2025